2024 жылғы 17 сәуірде Атырау облысына Мемлекеттік материалдық резервтен шығару тәсілімен 5 дана ЖСС – 500 маркалы (2 дана дизельдік, 3 дана электрлік) су сору құрылғысы жеткізілді. Қосымша Қызылорда облысына тиесілі ЖСС-500 су сору құрылғысының 2 данасы алынды.
ЖСС-500 (СНП-500) секундына 500 м3 су сорады.
Қазіргі уақытта Жылыой ауданы Құлсары қаласында 2 дана дизельдік ЖСС-500 (жылжымалы сорғы станциясы) су сору жұмыстарына жұмылдырылып, 18 сәуірден бастап 86 мың текше метр су сорылды.
Бұдан бөлек ПНС-200 су сору құрылғысымен су басқан тұрғын үйлердің аулаларынан су айдау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы Жылыой ауданында су тасқыны орын алғаннан бері 900 000 текше метрден астам су сорылды.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы