Тұрғын үйдегі өрт

Тұрғын үйдегі өрт

2024 жылғы 2 қаңтарда сағат 11:10-да Call орталығына Атырау қаласы, Көкарна ауылы, Көкарна көшесі мекен жайындағы тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпу орын алғаны, содан кейін 9 ш. м көлемінде қабырғаның қирауы және 140 ш. м алаңда үйдің жануы анықталды.

Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де жойылды.

Өрт салдарынан 5 адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы