Атырауда мұнай тасымалдайтын вагонда дүмпу болды

Атырауда мұнай тасымалдайтын вагонда дүмпу болды

2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 13:58-де Атырау қаласы Оңтүстік өндірістік аймағында орналасқан «Batys Petroleum» ЖШС-нің №1 цехтың жуу-буландыру станциясында жылжымалы темір жол құрамын(цистерна)  тазалау кезінде мұнай қалдықтары жанып тұрған газ-ауа қоспаларының  дүмпу болды. Дүмпу салдарынан цех құрылымдарының ішінара (бөлігі )құлауы  болды. Сол уақытта автоматты өрт сөндіру құрылғысы іске қосылып, сонымен қатар  «Batys Petroleum» ЖШС-мен келісім-шартта отырған мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі  «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген.

Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 5 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығын» 3 қызметкер 1 бірлік техника, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС 5 адам 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізді.

 

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы