Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. 17:00 сағаттағы ақпарат бойынша

Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. 17:00 сағаттағы ақпарат бойынша

2023 жылғы 20 қарашада Атырау облысында ұйытқуы 23-28 м/с болатын қатты желдың салдарынан үйлердің, ғимараттардың шатырларының ұшып, құлау оқиғасы орын алып, олардың құлауы адамдардың өміріне тікелей қауіп төндірді.

Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, шұғыл түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Атырау қаласында қатты желдің салдарынан Махамбет к-сі 118 «г», Нұрсая м/а №1,  Әуезов №58, Н. Ондасынов №109, Азаттық даңғылы №133 «б», Азаттық даңғылы №67, Қ. Ахмедияров к-сі №19, Байжігітова №61 мекен жайларында орналасқан үйлер мен ғимараттардың шатырының ұшуы, қылтима (балкон) құлауы, теректің, күнқағардың құлауы орын алды.

Төтенше жағдайлар орындарында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарының көмегімен конструкцияның авариялық фрагменттерін бекітіп, зақымдалған бөлшектерді алып тастап, жолдарды бүлінген шатыр конструкцияларынан тазартты.

Осылайша құтқарушылар тұрғындардың жарақат алу мүмкіндігінің алдын алды.

Келіп түскен қоңыраулардың көптігіне қарамастан, құтқарушылар тез, жедел әрекет ете отырып, тұрғындарға көмек көрсетіп үлгеруде.

Орын алған барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы