Балалар үйінің тәрбиеленушілерін өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстыру

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстыру

Атырау қаласы ТЖБ қызметкерлері, ҚР ТЖМ «Аппаттар медецинасы орталығының қызметкерлері» және «Жас құтқарушы» қоғамдық қорының кішкентай кинологымен Отбасылық үлгідегі облыстық «Шаңырақ» балалар үйіне барды.

Шараның басты мақсаты - балалар үйінің тәрбиеленушілерін өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстыру.

Мамандар өрт сөндіру құралын дұрыс пайдалану тәсілдерін көрсетіп, алғашқы көмек көрсету тақырыптарында профилактикалық сабақ өткізді.

Жас құтқарушы қоғамдық қорының кішкентай кинологы қатысушыларға өзінің ақылды құтқарушы итімен таныстырып, оның құтқару қабілеттерін көрсетті.

 

Атырау қаласы ТЖБ