Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  бастығы тағайындалды

2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке,  ТЖ департаментінің жеке құрамына және азаматық қорғау органдарының ардагерлеріне жаңа тағайындалған бастығы полковник Нұрлан Жанабаевты таныстырды.

Нұрлан Мақсұтұлы Жанабаев 1984 жылы 11 желтоқсанда  Гурьев (қазіргі – Атырау) облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 2006 жылы  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.  Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы инженер лауазымынан бастаған.

Министр ТЖД-ның тағайындалған бастығына қауіпсіздік мәдениетін және халықтың құтқару ведомствосына деген сенім деңгейін арттыру үшін ұйымдастырушылық және практикалық шараларды орындау қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы