Атырау облысының құтқарушылары профилактикалық іс-шараларды күшейтулі түрде жүргізуде
2023 жылғы 10 тамызда Атырау облысы ТЖД, өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және Полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, Жайық өзені бойында күнделікті кезекті профилактикалық іс-шара өткізді.
Шуақты, аптап ыстық күнде Атырау қаласының тұрғындары белсенді суға түсіп жатты. Олардың арасында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылары қатары көп болды. Әсіресе, АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ, ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДА суға шомылып жүрген балалар да көп кездесті.....
Құтқарушылар 120 астам тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелері туралы нұсқама өткізіп, балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығын қатаң ескертті, 150 астам жадынама таратылды.
Құрметті тұрғындар! Өз өмірлеріңіздің қауіпсіздігі үшін, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар!
Адамдар қазасын болдырмау мақсатында мұндай бірлескен рейдтер суға түсу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы