Атырау облысындағы қамыс өрті бойынша қосымша ақпарат

Атырау облысындағы қамыс өрті бойынша қосымша ақпарат

2023 жылғы 7 шілде күні сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің жану аумағы 20 га құрайды.

Сағат 9:00 бастап өртті сөндіру Атырау облысы ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдарымен жүзеге асырылып, шамамен 5 га аумақтағы қамыс өрті сөндірілді.

8 шілде күні өрт ошақтарын сөндіруді жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын тарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, өрт ошағының айналасында жер жырту үшін соқасы бар К700 тартылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде сағат 08:19-да  өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған болатын.

Сондай-ақ, қамыс өртін сөндіруде аумақтың  сулы-батпақты болуы қиындық туғызып жатқанын атап өткен жөн.

Бүгінгі күні өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 41 қызметкері, 7 бірлік техникасы; «Ақ Жайық» МТР 30 қызметкері және 8 бірлік техникасы, 2 бірлік мотопомпасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы