Құрманғазы ауданында 12 жасар бала
абайсызда суға құлап кетті
2023 жылғы 30 мамырда сағат 15:00-де Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы кентінен 38 км қашықтықтағы Сафон ауылдық округінің Сафон ауылында канал арқылы өту кезінде 2011 жылы туған баланың абайсызда суға құлап кеткені туралы хабар келіп түсті.
ТЖД күштері шақырту орнына жедел шықты. 2011 жылы туған бала "Сафон" жасанды каналы арқылы мал айдау кезінде (жылқы малы) абайсызда ат үстінен суға құлап кеткені анықталып отыр.
Іздестіру жұмыстары барысында сағат 15:30-да жергілікті тұрғындардың күшімен баланың денесі табылып, туысқандарына берілді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД (8 жеке құрам және 2 техника), АПБ (1 қызметкер және 1 техника) және жергілікті тұрғындар (20 адам және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды.
Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында 3 адам қаза тапты, оның ішінде 2 бала, ТЖД құтқарушылары 4 адамды құтқарып қалды.
Судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, Атырау облысының су айдындарындағы қайғылы оқиғалар тіркелуде.
Құрметті ата-аналар! Жазғы демалыстың басталғанын ескере отырып, Сіздерден балаларыңызды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз!
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы