🔊Ашық терезе – балаға қауіп төндіреді🔊
✒️Балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар терезелерден құлау бойынша қайғылы жағдайларды алдын алу мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті келесі кеңестерді ұсынады:
✒️Балаларды жалғыз қалдырмаңыз, себебі көп жағдайда терезеден құлау жағдайлары балалардың ата-анасыз жалғыз қалуы кезінде болады;
✒️Терезеге жиһаздарды жақын қоймау керек. Себебі балалар оларға мініп терезеге шығып кетуі мүмкін.
✒️Ешқашан москит торларға сенуге болмайды! Олар балаларды құлаудан сақтамайды!
✒️Терезелерге арнайы бекітпелер қою керек, олар балаларға терезе ашуға мүмкіндік бермейді.
✒️Егер терезеден балаға кейбір нәрселер көрсеткіңіз келсе, баланы мықтап ұстап тұруыңыз керек. Себебі олар тез қимылдауы мүмкін, қашанда қолдарыңыз құрғақ күйде болуы тиіс және балаларды киімнен ұстамаңыз.
✒️Егер дәл қазір бекітетін және қорғайтын құрылғы қондыратын мүмкіндік болмаған жағдайда терезенің тұтқасын алып тастау керек.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы