Атырау облысында қамыс өрті сөндірілді

Атырау облысында қамыс өрті сөндірілді

2023 жылғы 6 сәуірде сағат 21.30-да Атырау облысы Каспий теңізінің жағалауында қамыстың жануы жойылды.

«Қазақстан Ғарыш сапары» космомониторингіне негізделген «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ақпаратына сәйкес, өрттің жалпы ауданы 1200 га құрады.

Қамыс өсімдіктерінің жануы нәтижесінде флора мен фауна зардап шеккен жоқ, өйткені құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 2 сәуір күні сағат 09:12-де Атырау қаласының Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде Каспий теңізі жағалауының сулы, батпақты жерінде қамыс өсімдіктерінің жануы орын алған болатын. 

Жану ошақтары анықталғаннан кейін Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.

5 күн бойы өрт сөндірушілер жалынмен күресті. Жел бағытының өзгеріп отыруы, аумақтың сулы, батпақты болуы, сондай-ақ қамыстың тығыз қалың баурайы өрт сөндірушілерге қиындық туғызғанын айта кеткен жөн. 

Өрт сөндіру автотехникасына өту жолдарының болмауына байланысты, өртті сөндіру жаяу түрде өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды қолдану арқылы жүзеге асырылды. 

Қамыс өртін жоюға  ТЖД 42 қызметкер мен 7 бірлік техника және «Ақ Жайық» табиғи мемлекеттік резерватынан  30 адам мен 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды. 

Сонымен қатар, қамыс өсімдіктерін сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Өрт сөндіру кезеңінде тікұшақ өрт ошақтарына әуеден 86 рет, жалпы көлемі 260-қа жуық тонна  су төгілді.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Сіздерге табиғатқа, аң аулауға шыққан кезде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға: отты жақпауға, оларды қараусыз және сөндірілмеген күйде қалдырмауға кеңес береді!

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы