Өрт сөндірушілер адам өмірін сақтап қалды

Өрт сөндірушілер адам өмірін сақтап қалды

2023 жылғы 29 қаңтарда 14:02 сағатта  Атырау қаласы, Авангард-3 ықшам ауданы, бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерлердің бірінде түтін шығып жатырғаны туралы шақырту түсті.

Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндіру бөлімшесі есіктің ішінен құлыпталып қалғанын анықтады.

Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, екінші қабаттағы пәтерге үш иінді саты арқылы кіріп, ұйқыда жатқан 1979 ж.т. азамат Д.Е. далаға  шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Сондай-ақ өрт кезінде көршілес орналасқан пәтерлерден 8 адам (5 ересек, 3 бала) өз күштерімен эвакуацияланды.

Өрт сөндірушілер 6 минуттың ішінде өртті жойды.

Өрт салдарынан пәтердің әжетхана бөлігінде тұрмыстық заттардың жануы болды.

Өрттен зардап шеккендер жоқ және өрттің шығу себептері анықталуда.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 6 қызметкері мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан пәтердегі, тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.