Атыраулық өрт сөндірушілер екі сағаттың ішінде 3 өртті жойды

Атыраулық өрт сөндірушілер екі сағаттың ішінде 3 өртті жойды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына 11 қаңтар күні  2 сағаттың ішінде 3 өрт оқиғасы туралы шақырту түсті. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының нәтижесінде өрттерден зардап шеккендер болмады.

 

  • 10:37 сағатта Атырау қаласы, Ш.Еркінов көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің ауласында дүңгіршектен түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына дереу жетіп, жалпы ауданы 60 шаршы метр болатын нан пісіретін дүңгіршектің жалынын сөндіруге кірісті. Өрт 11:03 сағатта оқшауланып, 11:17 сағатта жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар  жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.  

 

  • 10:59 сағатта Атырау қаласы, Құрманғазы көшесінде автокөлік жуу орталығынан түтін шығып жатқаны туралы байланыс бекетіне шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі дереу жетіп, шақырту орнынан автокөлік жуу орталығының жануын анықтады. Өрт салдарынан көлік жуу орталығы ғимаратының бір бөлігінің, сонымен қатар ғимарат ішінде тұрған 1 автокөліктің өртенуі болды. Өрт 11:31 сағатта оқшауланып,  11:49 сағатта жойылды. Өрттің  шығу себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 14 қызметкер мен 4 бірлік  техника жұмылдырылды.

 

  • 11:56 сағатта Атырау қаласы, Жұлдыз мөлтек ауданы, 18 көшеде тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Дереу оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі  тұрғын үйдің жылыту қазандығы орналасқан бөлмесінен дүмпіл болу салдарынан өрт пайда болып, салдарынан тұрғын үйдің төбе жабындысының жануын анықтады. Өрт кезінде тұрғындар (5 ересек, 2 бала ) өз күштерімен қауіпсіз жерге шыққан. Өрт салдарынан төбе жабындысының бөлігінің жануы болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Өрт 13:07 сағатта жойылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Осы орайда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы