🔊«АИТВ-ЖИТС-тың алдын алу»
тақырыбында жиын өткізілді🔊
2022 жылғы 29 қарашада Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК орталығының дәрігер-эпидемиологы Серікбаева Әсем Қанатқызы «АИТВ-ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – АИТВ инфекциясы туралы құтқарушыларды ақпараттандыру, өз денсаулығына деген жауапкершілікті және сақтық шараларын қалыптастыру.
ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Ә. Серікбаева «АИТВ-адамның иммун тапшылық вирусы екенін және бұл вирус адамның ағзасына түскенде, аурудан қорғайтын имундық жүйені әлсірететінін және зақымдайтынын айтып өтті.
АИТВ-инфекциясы:
1) Ауруды жұқтырған анадан балаға;
2) Жыныстық қатынас арқылы;
3) Қан арқылы жұғады.
- Адам АИТВ жұқтырғанын қалай біле алады?, - деп сұрақ қойды Департамент қызметкерлері.
- «АИТВ-ті жұқтырғаннан кейін қанда пайда болатын антиденелерді қанның арнайы анализі кезінде табуға болады. Антиденелерді табу адамның АИТВ-ны жұқтырғанын көрсетеді. Алайда, антиденелер қанда АИТВ-ны жұқтырғаннан кейін 3-6 айдан соң ғана табылуы мүмкін, сондықтан кейбір кезде АИТВ-ны жұқтырғанына бірнеше ай болған адам қанының анализі теріс нәтиже көрсетеді.
АИТВ-ны жұқтырған кезде көптеген адамдар ешқандай симптомдарды байқамайды. АИТВ-ны жұқтырғаннан кейін адам ұзақ жылдар бойы өзін жақсы сезінуі мүмкін. Бұл кезең аурудың жасырын (латентті) сатысы деп аталады», - деп жауап берді дәрігер-эпидемиолог. Дәріс барысында бұл аурудан сақтану жолдары да талқыланды.
Сонымен қатар ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мамандары тегін және анонимді тестілеуді тапсыру және кеңес алу мүмкіндігі бар екендігін де атап өтті.
Жалпы бүгінгі өткізілген дәрістен Департамент қызметкерлері көп маңызды мағұлматтар алды.
Атырау облысы ТЖД
Кадр саясаты басқармасы