Улы газдың қаншалықты зияны бар?
Улы газ - жану өнімдерінің ең улы компоненттерінің бірі. Улы газбен улану кейде өлімге әкеп соқтыруы мүмкін сыни жағдайлардың бірі болып табылады.
Улы газдың - иісі де, түсі де, дәмі де мүлдем жоқ, жану процесі кезінде барлық жерде, тіпті пеште де улы газбен улану болуы мүмкін. Өкінішке орай, газдан уланудан көбінесе адамдар құрбан болады. Әдетте, ақаулы пештің нәтижесінде, өрт ошағы кезінде, қозғалтқышы қосылған жабық автокөлікте улы газбен улану басталады.
Улы газ немесе көміртегі монооксиді бар немесе көміртегі тотығы (СО) «үнсіз өлтіруші» деп жиі аталады. Оны көзбен көру мүмкін емес. Сонымен қатар, газ тез тарайды, ауамен араласады.
Тыныс алу кезінде ағзаға түсіп, ол өкпеден қан жүйесіне өтеді, онда гемоглобинмен қосылады. Нәтижесінде қан оттегіні тасымалдау және жеткізу қабілетін жоғалтады және ағза оның жетіспеушілігін тез сезеді. Бірінші кезекте ми зардап шегеді, бірақ зақымдануы мүмкін басқа да ағзалар – жалпы денсаулық жағдайына байланысты болады.
Тұншықтырғыш газбен уланудың алғашқы белгілері - көрудің нашарлауы, естудің төмендеуі, маңдай аймағындағы жеңіл ауырсыну, бас айналу, жүрек соғысының баяулауы, үйлестіру мен ойлаудың төмендеуі. Осы сезімдер кезінде дереу бөлмеден шығып, таза ауаға шығу керек.
Алғашқы көмек тез берілуі керек және оны білікті маман көрсетуі керек.
Тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу:
Жоғарыда аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда, адамдардың улы газдан улануы мен қаза болуының алдын алуға болады және жеке тұрғын үй секторындағы тұрмыстық өрттердің санын едәуір қысқартамыз деп үміттенеміз.
Есіңізде болсын - улы газ аяусыз, ол тез әрекет етеді, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз сіздің жылдам қабылдаған шешіміңізге байланысты болады! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы