Атырау облысы ТЖД қызметкерлері 2 адамды құтқарды

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері 2 адамды құтқарды

03 қазан күні  Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан шамамен 55 шақырым қашықтықта Жанбай ауылы Манаш елді мекені тұсында Каспий теңізінің жағалауында екі адам мінген көлік толкын салдарынан теңіз жағасына батып қалып, адамдары өздігінен шыға алмай қалғаны туралы шақырту түсті.

Атырау облысы ТЖД Исатай аудандық №6 ӨСБ қызметкерлері, Жанбай шекаралық бекеті және аудандық полиция бөлімі қызметкерлірімен бірлесіп іздестіру- куткару жұмысына шықты.  Нәтижесінде шақырту орнынан «Нива» автокөлігін мінген  1967 ж.т. және 1943 ж.т. 2 азаматтар қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарылған 2 азамат Исатай ауданы Аққыстау ауылына жеткізілді. Жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпеді.

 Құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД  6-ӨСБ (3 қызметкер 1 бірлік ТРЭКОЛ техника), Аудандық полиция қызметкерлері (2 қызметкер 1 бірлік техника), шекара бекеті қызметкерлері (2 қызметкер 1 бірлік техника) қатысты.

 

Атырау облысы  ТЖД Қоғаммен байланыс тобы