Халықаралық әуежайда өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Халықаралық әуежайда өрт-тактикалық оқу-жаттығу

2022 жылдың 28 қыркүйек күні Атырау қаласы  Х. Доспанова атындағы халықаралық әуежайының аумағында әуе кемесінде  туындаған шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

         Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу мақсаты: әуе кемесінің авариялық қонуы кезінде құтқару қызметтерін даярлау, шартты өртті сөндіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және көшіру, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру болды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық ойластыруына сәйкес Атырау қаласы "Еуро Азия ЭЙР" АҚ  әуеайлағының тікұшақ айлағы шаршысына  МИ-8 тікұшағының қонуға бет алған кезде "өрескел " қонуы орын алды, салдарынан жанармай құю багы зақымданып, жанармай төгіліп артынша жануға ұласты. Бортта 2 экипаж мүшесі мен 5 жолаушысы жарақат алды.

Әуежайдың диспетчерлік қызметі болған жағдай туралы әуежай басшылығына және «АТМА-Аэрапорт»  АҚ ӨСҚ және «101»  пультіне хабарлайды. Оқу-жаттығу орнына «АТМА-Аэрапорт»  АҚ және Атырау облысы ТЖД  күштер мен құралдары жұмылдырылды. Шақыру орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері тікұшақтағы өртті жоюға және экипаж мүшелері мен  жолаушыларды құтқаруға кіріседі. Шартты түрде төгілген отынды сөндіру және тікұшақтың фюзеляжын салқындату үшін көбік оқпандарын беру жүзеге асырылды. Жарақат алған адамдарға «Апаттар медицина орталығы» АҚ және «АТМА» АҚ жедел-жәрдем қызметі көмек көрсетеді.

Бөлімшелер алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындады. Оқу-жаттығу барысында әуежай қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді хабардар ету, авариялық жағдай орнына келу және ілесіп жүру мәселелері пысықталды.

Оқу-жаттығуға Атырау облысы ТЖД қызметкерлері (30 қызметкер, 5 бірлік техника ), «Апаттар медицинасы орталығы» АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника),  «АТМА» АҚ (15 қызметкер, 4 бірлік техника),  «АТМА» АҚ Жедел-жәрдем қызметі» (3 қызметкер, 1бірлік техника) қатысты.

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы