Құтқарушылар автокөлікте қысылып қалған адамды құтқарды

Құтқарушылар автокөлікте қысылып қалған адамды құтқарды

26 қыркүйек күні 21:22 сағатта Атырау қаласы, Тұрғындар қалашығында орналасқан көпірдің қоршауына «Lada Priora» жеңіл көлігі  соқтығысқан. Салдарынан автокөлік ішінде қысылып қалған 1 адамды құтқарушылар «Holmatro» құралы арқылы шығару жұмыстарын  жүргізіп,  жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Авариялық құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының 3 құткарушысы мен 1  бірлік техника шықты.

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы