Қамыс жануын сөндіру жұмыстары жалғасуда

Қамыс жануын сөндіру жұмыстары жалғасуда

22 қыркүйек күні қамыс өсімдіктерінің (қамысты) жануын сөндіру үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ СҚҚ-5 құрылғысымен МИ-8 тікұшағы ұшып шықты, бортында 5экипаж мүшесі, ТЖД (2 қызметкер). ТЖД (25 қызметкер және 7 бірлік техника) және "Ақ Жайық" МПР (20 қызметкер және 5 бірлік техника) күштері шықты.
Қазіргі уақытта қамыстың жануы ашық ошақтарда көрінбейді. Қамыс бықсуының ауданы анықталуда. Қамыстың бықсуын әуеден сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Метеорологиялық жағдай: оңтүстік-шығыстан 6-7 м/с жел соғуда, ауа температурасы + 20 С.
Атырау қаласында түтін иісі сезілмейді, елді мекендерге қауіп жоқ.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы