Атырау облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды

Атырау облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды

21 қыркүйек күні 7:30 сағатта МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20м көлемінде 2 ашық отпен жану ошағын және 100 м көлемінде бықсуды анықтады. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жумыстарын жүргізуде. Елді мекенге қауіп жоқ.

"Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына қамыс жануының таралуы тіркелген жоқ.

Осы уақытқа дейін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 ВСУ-5 тікұшағынан ауадан 33 су төгу жұмыстары жүргізілді.

Қамыстың ашық отпен жанып жатқан 1 ошағы шамамен 400 шаршы метр сөндірілді. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

СҚҚ-5-ке су толтыру қамыстың жану орынан 1,5-2 км қашықтықта орналасқан су көздерінен (көлден) жүзеге асырылады.

21 қыркүйек  17:30 сағаттағы жағдай бойынша ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 ВСУ-5 тікұшағымен ауеден жалпы 77 су шашу жұмыстары жүзеге асырылды, шамамен 4 га жану сөндірілді.

ТЖД күшімен (33 қызметкер және 7 бірлік техника) және «Ақ Жайық» ГПР (20 жұмысшы және 5 техника)   3 га сөндірілді.