Сарай мен моншаның жануы

Сарай мен моншаның жануы

11 қыркүйек күні 05:56 сағатта  Жылыой ауданы, Жаңа-Қаратон кенті, Ақжол көшесі, № 141 үйдің ауласында сарайдан түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Жалпы ауданы 65 шаршы метр болатын жапсарланып салынған сарай мен моншаның 50 шаршы метр көлемінде  сарайының жануы болды. Өрт 06:20 сағатта  оқшауланып 06:30 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Жылыой ауданының 9-ӨСБ (4 қызметкер, 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы