Тұрғын үйдегі өрт

Тұрғын үйдегі өрт

 

12 қыркүйек күні   10:52 сағатта  Атырау қаласы, Жұлдыз-1 ықшам ауданы, 28 көше мекен жайында орналасқан тұрғын үйден түтін шығып жатқаны бойынша шақырту түсті.  Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде аталған мекен жайда тұрғын үйдің төбе жабындысының жануын анықтады. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде өрт үйге толық таралуының алдын алды.  Өрт 11:32 сағатта оқшауланып, 11:40 сағатта толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. АМО (2 қызметкер, 1 бірлік техника).

         Қымбатты Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

                                                                                   

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы