🔊Жас маман🔊

🔊Жас маман🔊

🔊Жас маман🔊

Азаматтық қорғау кіші сержанты Оңайғалиев Серікжан Русланұлы Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Мақат аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші лауазымында қызмет атқарады.

Ол 1999 жылы 1 сәуірде Мақат ауданында дүниеге келді. 2019 жылдан бастап Мақат аудандық №8 ӨСБ өрт сөндіруші лауазымында қызмет атқарады.

Осы бөлімде қызмет атқарған жылдары орын алған төтенше жағдайлар мен өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына белсене қатысып келеді.

2020 жылғы қыркүйек айында Мақат кентінен Жамансор кентіне қарай 15 шақырым қашықтықта автокөліктердің соқтығысуы салдарынан жол апаты орын алып, жалпы 9 адам қаза тапқан болатын.

Оқиға орнында қаза болған адамның мүрделерін, автокөліктен шығару күрделілігіне қарамастан Holmatro авариялық-құтқару құралдарымен өзінің кәсібилігін танытты.

2021 жылғы желтоқсан айында Мақат кенті Болашақ ықшам ауданы √6 көп қабатты үйдің жертөлесінде шыққан өрт кезінде өзінің өрт сөндіру тактикалық білімін жақсы көрсетіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялауға үлкен көмегін көрсетті.

Аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған.

Асыл жарымен бала тәрбиелеп отырған үлгі боларлық бақытты отбасылардың бірі.


Мақат аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімі