Аудандарда бір кеште екі мал қорадағы жиналған шөп жанып кетті

Аудандарда бір кеште екі мал қорадағы жиналған шөп жанып кетті

16 тамызда сағат 18.36-да Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Майра Қабдолқызы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында орналасқан жалпы ауданы 20х10м. болатын мал қораның ішінде жиналған 40 дана рулон шөптің өртенуі болды. Салдарынан жақын орналасқан ауданы 8х10м. болатын тұрғын үйдің 4х3м. сыртқы полифасад қаптамасының балқуы орын алып, өрт сөндірушілер өрттің әрі қарай таралуына жол бермей, үйді сақтап қалған.

Өрт сағат 19.27-де оқшауланып, сағат 20.03-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

16 тамызда сағат 22.33-те Жылыой ауданы, Майкөмген ауылы, М. Баймұханов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 20х20м. болатын шпалдан салынған шөп  қораның және ішіндегі жиналған 10  рулон шөптің өртенуі болды. 

Өрт сағат 00.13-те оқшауланып, сағат 01.33-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД ескертеді: Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы