Атырауда суға батып кеткен баланың денесі табылды

Атырауда суға батып кеткен баланың денесі табылды

15 тамыз күні сағат 14.19-да Атырау қаласы, Жайық өзеніндегі Қызылбалық ауылында ТЖ департаментінің күшімен 2015 жылы туған баланың денесі табылып, судан шығарылды, ол 14 тамыз күні сағат 21.00-де абайсызда жағада тұрған катерден құлап, батып кетті.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (4 құтқарушы, 1 жүзу құралы), полиция басқармасы (2 қызметкер, 1 техника бірлігі), жергілікті тұрғындар (20 адам, 1 жүзу құралы) жұмылдырылды.

Атырау облысының ТЖД ескертеді: балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмаңыздар!

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы