Үздік жүргізуші
Азаматтық қорғау старшинасы Оразов Нұрболат Жаңабайұлы азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2013 жылы бастаған. Қазіргі таңда, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші лауазымында қызмет етеді.
Ол 1991 жылдың 21 тамызында Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келді. Осы бөлімде қызмет атқарған жылдары орын алған төтенше жағдайлар мен өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына белсене қатысып, адам өмірін және мемлекеттік мүлікті қорғау бағытында жауапты қызмет атқарады. Өзіне тапсырылған жұмыстарға оң көзқараспен қарап, бұйрықтарды тиянақты да әркез бұлжытпай орындайды.
Өзінің қызметтік міндетін жетілдіру мақсатында қызмет бойынша енгізілудегі өзгерістер мен толықтырулармен танысып, ізденіс үстінде жүреді.
Өрт сөндіруде өрт тактикалық жаттығулары мен сабақтарында өзінің міндетіне және өзіне жүктелген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап атқара біледі. Ол 2019 жылы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімдерінің арасында жылдамдықта маневр жасауда «Үздік жүргізуші» номинациясын жеңіп алған.
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін құтқару саласында қызмет пен отбасын бірдей алып келе жатырған жары Жұлдыз Досанованың да еңбегі ерекше мақтауға лайық.
Азаматтық қорғау органына 2017 жылы ақпан айында келген Жұлдыз қазіргі
таңда Құлсары қаласының №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы болып қызмет етеді.
Қызметтің қыр-сырын білетіндіктен бір-бірін жақсы түсінеді. Олар төрт бірдей баланы тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
Жылыой ауданы Төтенше жағдайлар гарнизоны