2022 жылы балалардың терезеден құлауының 2 жағдайы орын алды, оның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды (2021 жылы – 4 жағдай, оның ішінде 3 бала жарақат алып, 2 адам қайтыс болды).
27 шілде күні сағат 22.10-да Атырау облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісінен Нұрсая ы/а үйдің 3-ші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 ж.т.егіз қыз балалар құлап кеткендері жөнінде хабарлады. Балалар ауыр халде Атырау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Басты себеп-балаларға тұтқалар оңай ашуға болатын қорғалмаған терезелер. Москит торы тәуекелді арттырады: бала оған сүйенуге болады деп ойлайды, алайда москит торы оның салмағын көтере алмайды.
Оқиғалар хроникасына көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар түседі (80% оқиға).
Барлық құлаудың жартысы терезенің жанында тұрған жиһазбен және ересектердің немқұрайлы қарым-қатынасымен байланысты болады.
Бірнеше қарапайым ережелер:
* Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса.
* Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, "желдету" режимінде де жұмыс істейді.
* Терезенің қасында балалармен йнамаңыз. Көлікті, өтіп бара жатқан және т. б. көрсету үшін оларды терезе алдына қоймаңыз.
* Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.
* Жалюздің жіптерімен шынжырларілінбеуікерек: олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.
* қылтиманы жабу керек.
* Балаларды аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Атырау облысы ТЖД
ТЖ алдын алу бөлімі