Құтқарушылар Қызылқоға ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде

Құтқарушылар Қызылқоға ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде

Қызылқоға ауданында Миялы-Қарабау-Индер тас жолы жырылғаннан кейін су деңгейі төмендеді.

 Миялы ауылымын 6 ауылдық округтермен байланыс үзілген жоқ. Шұғыл шаруалары бар тұрғындарды қайықпен өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін, құтқарушылар 1885 адам, оның ішінде 52 бала, 3 сәби тасымалдады. Сонымен қатар, елді мекендерге бағыт алған азық-түлік өнімдерін тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудандық полиция бөлімінің күшімен қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы