Шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды

Шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19-27 де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласында өрт шыққандығы туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жеткен кезде ауладағы жиналған 22 дана руллон шөптің жанып жатқаны анықталды.

Өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілді.

Алайда, 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есебі, полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалуда.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді.

 

Қоғаммен байланыс тобы

Атырау облысы ТЖД