Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні 14 сағат 47 минут шамасында Каспий теңізінің жағалауында "Ақ Жайық" Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құрғақ шөптер мен қамыстардың жануы орын алды.
Жану оңтүстік-батысқа қарай Еркінқала ауылынан шамамен 20 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында орын алған.
Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың жануын сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 1 бірлік техника мен 5 жеке құрам және «Ақ Жайық» Мемлекеттік табиғи резерватынан 35 қызметкер, 2 бірлік техника, 4 бірлік жүзу құралы, 4 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.
Қамыстың жануы 16 сағат 30 минутта оқшауланып, 17:00 сағатта толықтай жойылды.
Өртенген аумақ 1га құрап отыр.
Қазіргі уақытта "Ақ Жайық" Мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылуда.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы