Музейге бару ұйымдастырылды

Музейге бару ұйымдастырылды

№13 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерді туған өлкеміздің тарихымен таныстыру мақсатында Атырау облыстық өлкетану мұражайына бару ұйымдастырылды.

Әр азамат өз туған жерінің тарихын білуі керек. Осы мақсатта ұйымдастырылған шара барысында қызметкерлер облыс тарихынан бастап, әр кезеңде облысты басқарған тұлғалар туралы, даңқты тұлғалар туралы т.б көптеген музейде сақтаулы экспонаттар бойынша мағлұматтар алды.

Мұражай қоғам мүшелеріне, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме болғандықтан, бүгінгі тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарының ұлттық сана – сезімінің өршіл болып қалыптасуына және оларды Отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін қазіргі заманға сай, ғылыми негізде жүйеленген мектеп мұражайларын көптеп ұйымдастыру алдымызда тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Мұражайдың негізгі жұмысы – тарихы арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілікпен патриоттық рухта тәрбиелеу. Оларды туған елінің тарихын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін өнерін үйренуге баулу.

№13 МӨСБ