Атырауда ер азамат суға кетті

Атырауда ер азамат суға кетті

Атырауда суға түсуге тыйм салынған жерден шомылу кезінде 1974 жылы туған азамат суға баттып кетті.

Оқиға 25 шілде күні 18 сағат 55 минут шамасында орын алды.

 

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту түскен бойда жедел түрде су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісіп, мүрдені 19 сағат 15 минутта судан шығарып полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Жолдастарының айтуынша, барлығы Курилкино ауылына, Рыбник саяжайына демалуға келген.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күнделікті рейд кезіндегі барлық ескертулеріне қарамастан, аймақ тұрғындары судағы қауіпсіздік ережелерін ескермеуді жалғастыруда.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Су айдындарында шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы