"Аманат" дүкенінен өрт шықты

"Аманат" дүкенінен өрт шықты
Ағымдағы жылғы 22 шілде күні 16 сағат 40 минут шамасында Құрманғазы ауданы, №7 ӨСБ байланыс бекетіне «Аманат» дүкенінің отқа оранып жатқандығы туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Ш.Сәтеков №10 көшесі мекен-жайында орналасқан көлемі 800м2 (20*20) болатын құрылыс материалдарын сататын 2 қатарлы дүкеннің ашық отпен толықтай жанып жатырғандығы анықталды.
Өртті сөндіруге №7 ӨСБ-нің 3 бөлімшесі (30 қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылдырылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Өрт 17 сағат 46 минутта оқшауланып, 18 сағат 10 минутта толықтай жойылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы