Атырау облысының құрама командасы Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қостанай қаласында өткен турнирда 3 орын иегерлері болып атанды

Атырау облысының құрама командасы Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қостанай қаласында өткен турнирда 3 орын иегерлері болып атанды
Ағымдағы жылдың 17 маусымында ерлер мен әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
 Командалар 4 кезеңнен өтті: шабуыл баспалдағымен көтерілу, кедергілермен 100 метрлік белдеуді еңсеру, 100 * 4 өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.
Соңғы күні спортшылар жарыстың соңғы кезеңін - өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік орналастыруын еңсерді. Командалар ең жақсы уақытты көрсету үшін барлық күштерін, білімі мен дағдыларын пайдаланды.
 Ерлер арасындағы өрт сөндіру–құтқару спорты бойынша ҚР ХХVII чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 3-ші орынға Атырау облысының құрама командасы иеленді деп шешілді.
Айта кетейік, шабуыл баспалдағымен көтерілу кезеңінде жүлделі бірінші мен екінші орындарды, жерлестеріміз Н. Мағау мен Н. Буторин алды. Сонымен қатар, 100 метрлік белдеуді еңсеру кезеңінде Атырау облысынан 4 қатысушы жартылай финал өтіп, бірінші орынға Д. Пузиков иеленді.
Бұның өзі де – үлкен жеңіс, деп есптейміз. Жерлестерімізді шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта тек биіктен көріне берулеріне тілектеспіз. 
«ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің баспасөз қызметі