Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат

Мұражай-жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих. Ал тарих туған жерден басталады, сондықтан әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білулері тиіс. Еліміздің ертеңі өткен тарихпен тығыз байланыста екенін ұмытпаумыз керек.

Осы бағытта, Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар  және аудандық №11 Өрт сөндіру бөлімдерінің бір топ қызметкерлері қазіргі коронавирустық індет ахуалына байланысты карантиндік ережелерді сақтай отырып, аудандық мәдени-тарихи өлкетану мұражайына экскурсияға барды.

Саяхат барысында, жеке құрам қызметкерлері мұражайдағы ескерткіштермен, ата-бабаларымыздың қол өнер туындылармен, тағыда басқа көптеген мәдени құндылықтармен танысып, ой өрістерін кеңейтіп, рухани азық алды.

Қазіргі заман ағымымен мұражайға бару қалыс қалып бара жатқанымен, туған жердің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында, қызмет барысында осындай іс-шаралар бөлім тарапынан жалғасын таба беретін болады.

Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі