Жаз айларында суға шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар!

Жаз айларында суға шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар!

Қазіргі уақытта тек қана Атырау облысы ғана емес, жалпы республика бойынша балалардың су айдындарында суға батып, қаза болу жағдайлары жиілеп бара жатыр. Атап айтар болсақ, бұндай жағдайлар балалардың қараусыз қалуы салдарынан орын алып отыр. Әсіресе, қазіргі жаз мезгілінде су айдындарында балалардың қаза болу жағдайының өсуі жалғасуда.

Статистикаға сүйенер болсақ,  елімізде  биылғы жыл басынан бері суда балалардың өлімінің 53 жағдайы тіркелген.

Ал, Атырау облысы бойынша 7 адамның суға кету жағдайы орын алған, оның 4-і бала.

Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының барлығы дерлік жазғы демалыста. Демалыс кезінде көп жағдайда балалар үлкендердің қарауынсыз қалатындығы жасырын емес. Дегенменде,сақтық та, қорлық жоқ, балаларды қараусыз қалдырмаған жөн.

Суға шомылу кезінде, үлкенге де, кішіге де ескеретін жай – бұл арнайы белгіленген орындарда суға түскен абзал.

Осыған орай, облыс бойынша «Қауіпсіз су»  айлығы өз бастамасын алды.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың 15 маусым күніЖайық өзенінің бойына акция ұйымдастырылды. Акцияға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов, Азаматтық қорғау басқармасының бастығы майор Б.Абланов және де жедел құтқару жасағының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері шықты.

Акция барысында Атырау қаласы бойынша бекітілген арнайы жабдықталған 6 жағажайдың жәй-күйі  тексерілді.Шомылуға жабдықталған жағажайлардың кейбірі пайдалану үшін мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша кәсіпкерлерге берілген. Шолу барысында сенімгерлікке берілген жағажайлардың иелерімен кездесіп, жұмыстары тексерілді және де қауіпті учаскелерді анықтап, қазаншұңқырлар, батпақты шұңқырларды жоюжұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Акция барысында арнайы белгіленбеген жерлерде балалардың және ересектердің суға түсу үшін жағалауды жағалап жүргеніне де куә болдық. Арнайы белгіленбеген жерге суға түсу, бұл қауіпке әкеп соқтырады.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күнделікті ескертулерін елемегеннің салдарынан Атырау қаласында тағы бір адам суға кетті.

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні кешкі 21-00  сағат шамасында 1989 жылы туған азаматтың досымен Балықшы поселкесінен Жұмыскер ауылына жүзіп өтпекші болып, батып кеткендігі туралы хабар келіп түсті.

16 маусым күні 10 сағат 08 минутта сүңгуірлер суға батып кеткен азаматтың денесі тауып, судан шығарды.

Балалар суға түсем деп, қайғылы жағдайға душар болмасын!

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Жаз айларында суға шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар. Балаларды үлкендердің қарауынсыз су айдындарына жалғыз жібермеңіздер!