Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

2021 жылдың 4 маусымында Атырау МӨЗ-да "SGP" қаныққан газдарды газды фракциялау қондырғысы колоннасының блогында шартты өртті сөндіру бойынша гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Аталған оқу-жаттығудың мақсаты - өрт туындаған жағдайда аварияларды жою жоспарына сәйкес қызмет көрсетуші персоналдың іс-қимылын, сондай-ақ, жағдайды сыртқы белгісі бойынша бағалаудағы, барлау жүргізудегі бірінші ӨСБ іс-қимылын пысықтау болып табылады. Өртте күштер мен құралдарды басқарудағы жедел штабтың және жеке құрамның іс-қимылын пысықтау.

Оқу-жаттығуға "АМӨЗ" ЖШС бас инженері Р.Жанғабылов, Атырау облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов қатысты.

Оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес, тұрақты газ бензині желісінде Е-3004 ребольерінен С-3002 колоннасына газ бензині фланецті қосылыс арқылы ребольердің төменгі бөлігінен өтіп, одан кейін өрт шықты.

Бірінші байқалғаны, байланыс құралдарын пайдалана отырып, қызмет көрсетуші персонал мен аға операторды авариялық жағдай туралы хабардар етті, жақын маңдағы өрт хабарлағышын қосып, өрт туралы хабарламаны ауысым бастығына, зауыт диспетчеріне және "Өрт сөндіруші" ӨСАҚБ-16-ға көшірді.

 

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында шартты өрт оқшауланды, содан кейін толығымен жойылды. Шартты өртті сөндірудегі аварияларды жою жоспарына сәйкес Атырау облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ ( 4 бірлік техника), "Өрт сөндіруші" ФАО (9 бірлік техника) 16 - ӨСАҚБ күштері мен құралдары тартылды.

 

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша "АМӨЗ" ЖШС бас инженері Р.Жанғабылов өткізілген оқу-жаттығуды бағалап, қанағаттанарлық баға берді.