Өрт сөндіру бөліміне экскурсия

Өрт сөндіру бөліміне экскурсия

Ағымдағы жылдың 09 маусым күні Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Ә. Гумарова «ӨС және АҚЖҚ» ММ №13 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп балаларға арналған танымдық экскурсия өткізді. Бұл жолы өрт сөндірушілерге «Baby City» лагерінің бүлдіршіндері қонаққа келді. Атырау қаласында орналасқан №13 Өрт сөндіру бөлімінде өткізілген экскурсия балаларда үлкен қызығушылық тудырды. Өрт сөндіру бөлімінің ғимараты балалардың көңілді үніне бөленді. Бірінші кезекте балалар өрт сөндіру автомобилдеріне қызығушылық танытты. Қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Сағынбай өрт сөндіру автомобильдерімен өрт сөндіру жабдықтары туралы қысқаша мағлұмат берді. Сонымен қатар азаматтық қорғау аға сержанты Е. Ескендиров өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен жылу шығылыстырғыш ТК-800 костюмін дұрыс және тез кию керектігін көрсетті. Ниет білдірген балалар өрт сөндірушінің дулығасын киіп көруге және өздерін өрт сөндіруші ретінде сезіну үшін оларды өрт сөндіру автокөліктеріне мінгізді. Өрт сөндіру автомобильдерімен олардың жауынгерлік киімдері балаларға үлкен әсер қалдырды. Аталған мекеменің тәрбиешілері мен бүлдіршіндері ұйымдарстырылған экскурсия үшін ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында өрт сөндірушілермен естелік фотосуретке түсіп, өздерінің алғыстарын білдірді.