Құтқарушылар екі қабатты тұрғын үйдің төбесінен секірмекші болған жігітті құтқарып қалды

Құтқарушылар екі қабатты тұрғын үйдің төбесінен секірмекші болған жігітті құтқарып қалды

2021жылғы 7 маусымда 09 сағат 32 минутта Call центр орталығына Атырау қ. Огородная көшесіндегі екі қабатты ескі тұрғын үйдің төбесінен бір жігіттің секірейін деп тұрғаны жөнінде хабар түсті.

Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 09 сағат 41 минутта шақырту орнына жетіп, екі қабатты ескі қараусыз тұрған үйдің төбесінен масаң күйінде секірмекші болған 2004 жылғы азаматты альпинистік-құрал жабдықтардың көмегімен сағат 10:06 аман-есен жерге түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 1 техника, 4 жеке құрам жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы