Балалардың жазғы демалыс орындарының өрт қауіпсіздігі.

Балалардың жазғы демалыс орындарының өрт қауіпсіздігі.

Жаз-балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Бірақ, үлкен де, кіші де білуі керек, жазғы демалыс мезгілі бұл – өрттер және басқа да төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары қауіпті кезеңі.

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне бірден-бір ата-ана жауапты болып табылады. Жазғы уақытта ата-аналар балаларын жазғы демалыс орындарына (лагерлер) беретіні анық.  Ата-аналар өте мұқият болу керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан əр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн.

         Балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігіне, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауына және өртке қарсы шараларын уақытылы орындауға лагердің басшысы жауап береді. Жеке жайлардың өрт қауіпсіздігін, өртке қарсы ережелердің талаптарын сақтауға және уақытында өртке қарсы іс-шараларын өткізуіне, басшының бұйрығымен осы жауапкершілік артылған лауазымды тұлғалар (тәрбиелеуші, бала шығармашылық үйірмесінің басшысы, асхана  және қойма меңгерушісі) жауапты.

         Лагерь басшысы (немесе оның орнын басатын тұлға) өрттен қорғау жүйелерін штаттық жаттыққан мамандардың күшімен білікті пайдалануын қамтамасыз етуге, оларды жұмысқа жарамды жағдайға келтіруге дереу шараларды қабылдауға міндетті.

         «Оқушылардың жазғы танығу және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының қызметкерерімен бірге 28 мамыр күні «ZOOM» платформасы арқылы облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры С. Борашев қатысты.

         Семинар барысында облыс бойынша ұйымдастырылатын лагерлер басшыларына өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық жүргізілді.

         Қызметкерлер құрамы кезекшілікке тұрған кезде: лагердегі балалардың санын білуі, алғашқы өрт сөндіру және телефон байланысының болуын және пайдалануға дайындығын тексеру қажет екендігі айтылды.

        

Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы