Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз.

Бүгін, барша Қазақстандықтар 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтуде.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер - Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран.
                   Ағымдағы жылдың 4 маусым күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қатысуымен Департамент бастығының орынбасары полковник А.Ержановтың  төрағалығымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты іс-шара өткізілді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Әнұран орындады.

                   Шара барысында қызметкерлер назарына мемлекеттік рәміздер туралы бейнеролик көрсетіліп, рәміздер туралы сұрақ-жауап алмасылды.          

              Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздері бар Егеменді еліміз жасай берсін.

Көк туымыздың тұғыры биік болсын!