Өрт сөндіруші болғың келе ме?

Өрт сөндіруші болғың келе ме?

Өрт сөндіруші мамандығы ең қауіпті мамандықтардың бірі болып табылады және оны таңдай отырып, болашақ жұмыстың мәнін нақты көрсету қажет.Қауіптің ауқымы мен деңгейіне қарамастан, кез-келген өрт қауіпті және тіпті өлімге де әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болған қарапайым адам сирек және уақтылы жауап бере алады.

Өрт сөндіруші былып жұмысқа орналасу үшін белгілі бір қасиеттерге ие болу қажет. Батылдық, жанқиярлыққа дайын болу, стресске төзімділік және керемет физикалық дайындық, тек осы мамандықты таңдаған адам ғана осындай қасиеттерге ие болуы керек.

Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы әртүрлі құрылымдарға бөлінеді, ал штаттық кестеде көптеген лауазымдар бар. Өрт сөндіру бөлімшелерінің ұжымында тікелей өрт сөндіруші-құтқарушылардан басқа бөлімше командирлері, жүргізушілер, радиотелефонистер еңбек етеді. Лауазымдардың бұл санаттары кіші басшы құрамға жатады.

Бүгін «Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне өрт сөндіруші, жүргізуші және радиотелефонист мамандықтары бойынша қызметкерлер қажет.

Өртке қарсы қызмет органдарына жұмысқа кандидаттар үшін қойылатын талаптар;

- Қазақстан Республикасының азаматы;

- 18-35 жас;

- әскерде қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамды болу қажет;

- соттылықтың болмауы;

- B,C, санаттары (жүргізушілер үшін).

Жұмысқа қабылдау туралы өтініш берген үміткер медициналық және психофизиологиялық тексеруден өту қажет.

Осы кезеңнен өткеннен кейін үміткерлер іріктеу және әңгімелесу өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес кезеңдерден, атап айтқанда дене шынықтыру нормативтерінен өту үшін Ақтөбе қаласының ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының оқу орталығына бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін жолданады.

Егер де жұмысқа қабылдануға ниет білдірген жағдайда Атырау қаласы, М.Әуезов көшесі, №53 А және Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, №54 А мекен жайы бойынша хабарласуға немесе 55-83-04, 36-13-49 телефондарына қоңырау шалып, толық ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар.

«ӨС және АҚЖҚ» ММ Кадр саясаты бөлімі