«Аспава» мейрамханасынан өрт шықты.

«Аспава» мейрамханасынан өрт шықты.

Ағымдағы жылдың 13 мамыры күні 14 сағат 42 минутта «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің Call орталығына Атырау қаласы, «Аспава» мейрамханасының өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.

Шақырту орнына барған кезде 2000 жылы салынған "Аспава" мейрамханасының шамамен ауданы 450 шаршы метр болатын мансард бөлігі ашық отпен жанып жатты.

Өрт болған жерде өрт сөндіру жедел штабы құрылды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 45 адам, 9 арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт шыққан кезде мейрамханада қонақтар болмаған, «Аспава» мейрамханасының 15 қызметкері өрт сөндіру қызметі келгенше өздіктерімен қауіпсіз жерге шыққан.

Оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы