Өрт қауіпті кезеңінде дала және орман өрттерін сөндіруге дайындық.

Өрт қауіпті кезеңінде дала және орман өрттерін сөндіруге дайындық.

2021 жылғы 12 мамырда ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Батыс өңірлік филиалының МИ-8 МТВ тікұшағымен, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару  жұмыстары қызметі қызметкерлерінің  қатысуымен оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – МИ-8 қолдану арқылы  су алып, орман және дала өрттерін сөндіру болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында ашық дала аумақтарына су төгу құрылғысымен (ВСУ-5) 11-ге жуық су төгу жұмыстары жүзеге асырылды. Айта кету керек, МИ-8 тікұшағымен ұшу кезінде суды дала және орман өрттеріндегі ұзын жолақты өрттерді сөндіру үшін, бір рет төгу жабу ауданының учаскелері шамамаен 400 шаршы метр (50*8м) құрады, ал нүктелік өрт ошағына су төгу кезінде тоқтап төгу режимінде шамамен  70 шаршы метр (10*7м) алаңда жүргізілді.

Сонымен қатар, ұшу барысында радиобайланыс және телефон байланысының (ұлы) желісін тексеру кезінде тікұшақ экипажымен жұмыс жағдайында нақты, тұрақты байланыс орнатылды.

Жалпы оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер, МИ-8МТВ тікұшағының экипажынан 6 қызметкер қатысты. Ұшу штаттық режимде жүргізілді және оқыс оқиғасыз өтті.

Оқу-жаттығулар алдағы уақытта жалғасын табады.