Тұрғын үй аралау жалғасуда.

Тұрғын үй аралау жалғасуда.

Аудан бойынша тазалық айы басталып кеткендігіне қарамастан әлі де, ауыл тұрғындарының аула сыртындағы тұрмыстық қоқыс қалдықтарын мен қалдық саманшөптерді арнайы орынға шығармау фактілері кездесуде.

Жуырда Сағыз ауылында осындай қоқыс қалдықтарының бықсып, өртенуі орын алып, тұрғындарды біраз әбігерге салу фактілері тіркелді.

Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылқоға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №10 өрт сөндіру бөлімі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2021 жылдың мамыр айының 10-11 күдері аралығында Миялы ауылындағы көшелерге жиналған қоқыс қалдықтарын шығару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.

Қараусыз қалған тұрмыстық қоқыс қалдықтары мен қалдық саман шөпке балалардың отпен ойнауы мен сөндірілмеген темекі қалдығынан өрт оқиғаларының туындайтынын естен шығармауымыз қажет.

Өткен жылдары қоқыс қалдықтардың жануынан екі үйдің қорасы өртке оранып, тұрғын үй иелеріне елеулі шығын алып келді.

          Өрттің басым көпшілігі  тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандығынан, балалардың отпен ойнауынан, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан туындап отыр.

Егер, жоғарыда көрсетілген талаптарды орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 336, 434 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескерткіміз келеді.

Өрт оқиғалары немесе басқа да, Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» номеріне хабарласыңыздар.