Жүргізуші, өрт қауіпсіздігін сақта!!!

Жүргізуші, өрт қауіпсіздігін сақта!!!

     

Ағымдағы жылдың наурыз айының 30-31 күндері Мақат ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Мақат аудандық жол полиция бөлімімен бірлесіп, автокөліктегі өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында рейдтік шара өткізілді.

Автокөліктердегі өрттердің пайда болу себептері - электр сымдардың қысқаша тұйықталуы, электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, автокөлікке орнатылған газ қондырғы жүйелерінің ақауы, салонда шылым шегу, жүргізушілердің автокөліктің техникалық жағдайына, өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы секілді жағдайлардан жиі орын алады.

           Рейдтік шара барысында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізушілерге көлікте өрт сөндіру құралының болуын және де оның қолайлы, қол жетімді жерде тұруы керек екендігін түсіндірді.

 Сонымен қатар, әрбір тоқтатылған автокөлік иелеріне өрт болған жағдайда, өрттің алдын алу үшін, қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп, өрт сөндіргіш құралын қолдану нұсқамаларын көрсетіліп, түсіндірілді.

Өрттің жаңа басталғанын анықтаған сәтте бастысы сабырлы болу керек және бұл туралы қалалық немесе мобильді телефон арқылы 101 немесе бірыңғай кезекші – диспетчерлік қызметтің 112 шұғыл нөмірлеріне қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет.