миялы ауылының көшелерін судан тазарту жұмыстары жалғасуда

миялы ауылының көшелерін судан тазарту жұмыстары жалғасуда

Қатты жауған нөсер жаңбырдың салдарынан Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының көшелерінде қар күрт еріп, тұрғын үйлерге су кірудің алдын алу үшін, 25 наурыз күні Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Аудан әкімінің №69 Өкімімен аудандық жедел штабы құрылды.
Штаб қызмет басшыларымен жедел кеңес өткізіліп, 25 наурыздан бастап Миялы ауылының М. Мамедова, М. Өтемісұлы, Телемұнара, Қ. Сатбаев, Қ.Аққуов, Ә.Жангелдин, Өміршин, Д. Қуанышов, көшелеріне сонымен қатар, Е. Нұршаев ықшам ауданында жиналған жаңбыр, еріген қар суларын елді-мекеннен тыс жерлерге шығару жұмыстары атқарылуда.
Жергілікті атқарушы органға көмекке Қызылқоға ауданы, №10 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Осы аралықта барлығы 2979 текше метр су шығарылды.
Қазіргі уақытта Миялы аулының көшелерін судан тазарту жұмыстары жалғасуда, тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауға алынды.