Заңнамаға енгізілген жаңашылдық.

Заңнамаға енгізілген жаңашылдық.

             

Ағымдағы жылғы 30 наурыз күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержановтың  төрағалығымен  «Заңнамаға енгізілген жаңашылдық» тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізілді.        

                 Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Сүлейменов Қанат Тұрсынбайұлы және басқарма бастығы  Қаражанов Жәнібек Жұмабайұлы қатысты.  

       Азаматтық қорғау полковнигі  О.Бержанов  2020 жылғы 19 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізіліп жатқан өзгерістерге қысқаша тоқталып өтті. 

Сөз барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылып отырған жобалармен таныстырды. Заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар бойынша  құқық қорғау органдары қызметкерлерінің пара алуы ауыр сыбайлас жемқорлық болып саналып, елеулі құқықтық салдарға әкеп соғатындығын атап  көрсетті.

Дөңгелек үстел барысында қызметкерлерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

                               Департамент ұжымы келген қонақтарға түйінді әңгімелері үшін алғысын білдіріп, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған саясатын толық қолдайтынын атап өтті.

               

 

Атырау облысы ТЖД

Заң  тобы