
Жанғыш заттарды қоса алмағанда темір екеш темір де өртке шыдамсыз болып бара жатқандай. Соңғы уақытта автокөліктердегі өрт оқиғаларының жиілеуі соны көрсетеді. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың 3 айында Атырау қаласы бойынша 8 өрт тіркеліп отыр. 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автокөліктегі өрттердің саны биылғы жылы 1 жағдайға азайғаны байқалады.
Автокөліктегі өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Жол полициясы басқармасымен бірлесіп рейд өткізген болатын.
Өрттердің негізігі пайда болу себебі – автокөлік құралдарындағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуы болып отыр.
Рейд барысында жеңіл автокөліктер мен қоғамдық көліктер тоқтатылып тексеріліп, такси парктері де араланды.
Профилактикалық тексеру барысында, жүргізушілерге бірінші кезекте адам өмірі жүргізушінің қолында екендігі түсіндірілді. Бұндай жағдайлар орын ала қалған уақытта көлікте алғашқы өрт сөндіру құралының болуы өте маңызды екендігі ескертілді. Сондықтан, өрт сөндіргішті қол жетімді жерде ұстаған дұрыс.
Бірлескен рейд барысында 70-ден астам автокөлік иелеріне автокөліктердегі өрт қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі тақырыбында буклеттер мен жадынамалар таратылды. Сонымен бірге, өрт сөндіргіш құралдарын тек арнайы дүкендерден ғана сатып алып, жарамдылығын тұрақты түрде тексеру қажеттігі, көлікті уақыттылы техникалық байқаудан өткізу, электр сымдарын жарамды күйде ұстау қажеттілігі қоса түсіндірілді.
Өрт бола қалған жағдайда өрт сөндіру қызметін шақырып, 112 немеме 101 нөміріне хабарласу керек.
Атырау қаласы ТЖБ инженері
азаматтық қорғау кіші сержанты Ә. Гумарова