Халықаралық әйелдер күні!

Халықаралық әйелдер күні!

Индер ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына аманшылық, ұзақ өмір, еліміздің тыныштығын тілей келе, қоғамдық ортамызда әйел адамның алатын орыны ерекше екенін бәрімізде білеміз.
Мерекеге орай, қызметтегі әріптесіміз Индер ауданы, Индербор кенті №5 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы лауазымында – азаматтық қорғау кіші сержанты Қабиева Айкенже Қабиқызын ұжым атынан құттықтаймыз.
Айкенже Қабиқызы бөлім белсендісі, ақ жарқын, адамгершілігі мол, қызметте жақсы қасиетпен,түзу ниетпен жұмыс атқарып жүрген әріптесіміз. Айкенже Қабиқызы 2007 жылы №5 өрт сөндіру бөліміне радиотелефоншысы лауазымына қызметке келген. ОЛ өзінің таңдаған мамандығына бір сәтке болсада өкінбейді. Міндеттерін жауапты атқарғаны үшін бірнеше рет алғыс хатпен марапатталды.
Айкенже Қабиқызы жеке өмірінде қамқор ана, сүйікті жар, қызметте-жанашыр әріптес. 1997 жылы мамыр айында тұрмыс құрып, 3 қыз, 1 ұл өмірге әкеліп, тәрбиелеп отыр.
Өрт сөндіру бөліміндегі жұмыс барлық ұжымның үйлесімді іс - қимылын білдіреді, ал радиотелефоншы осы команданың ажырамас бөлігі болып саналады.

Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі